Жолаушылар үшiн мәлiмет
Мазмұн
1. Интернет арқылы темір жол билеттерін сатып алуға тапсырыс беруді рәсімдеу ережелері 2. Жолаушылардың жеке басын куәландыратын құжаттарының нөмірлерін енгізу тәртібі 3. Тапсырысқа ақы төлеу 4. Темір жол билеттерін алу процедурасы 5. Темір жол билеттерін және тиесілі ақша қаражатын қайтару 6. Балалардың жол жүруін рәсімдеу 7. ТМД елдеріне, Латвия Республикасына, Литва Республикасына, Эстония Республикасына жол жүру 8. Өзiне қызмет көрсететін транзакция терминалы арқылы алыс қашықтыққа жүретін және қала маңындағы пойыздарға жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату. 9. Жолаушыға темiр жол билеттерiн жеткiзу 10. Қауiпсiздiк саясаты
Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылғы 30 сәуір №545 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының темір жолында жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдері бойынша 2016 жылғы 02 қыркүйек күні күшіне енуіне байланысты өзгертулермен толықтырулар енгізілді: 1 Жаңа Ережеге сәйкес бас әріптерін қоспағанда атында, тегінде және әкесінің атында екі әріптен аспайтын сәйкессіздік болса, сондай-ақ әкесінің аты бар болса немесе жоқ болса, онда жолаушыны жол жүру құжатымен (билетпен)поезға отырғызуға рұқсат етіледі. 2 Жаңа ережеге сәйкес баланың заңды өкілі болып табылмайтын жолаушы билет кассасына және пойызга отырар кезде (он төрт жасқа дейінгі) балаға жол жүру құжатын (билет) алуға және оны алып жүруге құқық беретін құжатты (сенімхат) немесе соған теңдес құжатты көрсетеді». 3 жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату поездың жүруіне, 10 минут қалғанда тоқтатылады. 4 жайлылығы жоғары (№853-854 Қарағанды – Астана, №855-856 Қарағанды – Астана, №801-802 Астана – Павлодар, №807-808 Астана – Көкшетау, №809-810 Астана – Павлодар) электр поездарына жол жүру құжатын (билет) ресімдеу кезінде бұрын жолаушыдан құжатын көрсету талап етілмесе, қазір құжатын көрсету талап етіледі. 5 тасымалдаушының уәкілетті тұлғасы тарапынан ресімделмеген тұлға анықталған болса, сондай-ақ билетсіз тұлғадан отырғызу станциясынан келген билет кассасы жұмыс істейтін станциясына дейін жүрген жолы үшін жол жүру құнының он есесіне тең тарифте тасымалдаушы пайдасына жол жүру құны өндіріліп алынып, ол пойыздан түсіріледі. 6 «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құрастырылған жолаушылар поезына жолаушыларды отырғызу поездың жөнелтілуіне 5 минут қалғанда есіктер автоматты түрде жабылған кейін тоқтатылады. 7 Жол жүру құжатын пойыз жөнелтілгеннен кейін 1сағаттан асырып қайтарған кезде жол жүру құны қайтарылмайды, тек орын қайтарылып алынады (бұрын орын пойыз жөнелтілгеннен кейін 3 сағатқа дейін қабылданған) Интернет арқылы темір жол билеттерін сатып алуға тапсырыс беруді рәсімдеу пойыздарға, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша келесі ішкі хабарламаларға ((«Жолаушыларды тасымалдау» АҚ), ТМД елдерінің жолын қалыптастыру кезіндегі пойыздарға (транзиттік, субсидирлік емес) және барлық қала маңындағы пойыздарға жүргізіледі. Пойыздардың тiзiмi бөлiмінен қараңыз.
«Экспресс 3» АБЖ жүйесінде бос орындар болған кезде темір жол билеттерін сатып алу пойыз жүруге 45 тәулік қалғанда жүзеге асады.
Темір жол билеттерін сатып алуға тапсырысты рәсімдеу пойыз жүріп кеткенге дейін 45 тәулік ішінде Астана уақытымен сағ.8 00 –де басталады.
Пойыз жүретін тәулікте тапсырысты рәсімдеу, пойыз жүрерден 2 сағат бұрын жүргізіледі.
Түсінісбеушіліктер мен пойызға кешігуді болдырмау үшін билет кассасында темір жол билетін сатып алу уақытын толық ескеруіңізді сұраймыз.
Темір жол билеттері «толық» тариф бойынша рәсімделеді. «Балалар» тарифі тек қана Қазақстан Республикасының аумағы бойынша рәсімделеді.
Бір тапсырыста 4 жолаушының дербес деректері көрсетіліп, 4 темір жол билеті ғана рәсімделуі мүмкін.
Әр түрлі үлгідегі вагондардағы орындар әр түрлі тапсырыстармен рәсімделеді, соның ішінде, купе вагондары мен СВ вагондарындағы ерлер мен әйелдер орындары көрсетілуімен (бір тапсырыста нұсқалардың біреуі-ерлер, әйелдер немесе аралас). Тек бір («ерлер», «әйелдер» немесе «аралас») купеде орын болғанда ғана орын таңдауды купенің тиісті түріне сәйкес жүргізу қажет.
Электрондық витриналарда жүзеге аспайды:
• бiр уақытта банктiк карта бойынша орындарды сақтау және жол ақысын төлеу; • алыс шетелдi елдерi бар халықаралық қатынастардағы сапарларды рәсiмдеу; • төлемақысыз және жеңiлдiкпен алынған темiр жол билеттерiн рәсiмдеу; • Қазақстан Республикасының аумағынан тыс балаларға арналған темiр жол билеттерiн рәсiмдеу; • темiр жол билеттерiнiң қайта рәсiмделуi; • пойыздарға және жеке тасымалдаушылардың вагондары арқылы жүзеге асқан сапарларды рәсімдеу.
Жолаушының дербес деректері құжатта көрсетілген деректерге сәйкес болуы тиіс. Егер құжатта дербес деректер екі тілде көрсетілсе (орыс және латын), тапсырыстағы ақпарат орыс тілінде толтырылады.
Жеке басын куәландыратын құжат нөмірін толтырғанда, «№» символы көрсетілмейді.
Шет мемлекеттер азаматтарына берілген төлқұжаттың немесе туу туралы куәліктің деректері, құжат үлгісінде көрсетілгендей - шетелдік құжат деп енгізіледі.
Жолаушылардың жеке басын куәландыратын дербес деректерді немесе құжаттар деректемелерін енгізу кезінде қателер болған жағдайда, жолаушы кассадан темір жол билетін ала алмайды.
Жолаушының тегі немесе жеке басын куәландыратын құжат нөмірі, ұсынылған темір жол билетінде көрсетілген тегіне немесе нөміріне сәйкес келмесе, жолаушы пойызға отыруға жіберілмейді.
Жолаушылардың дербес деректерінде немесе жеке басын куәландыратын құжаттар деректемелерінде қателер анықталған жағдайда, Сіз тапсырысты төленгенге дейін түзетілген ақпаратты енгізуге тиістісіз. Жол жүру деректемелерінің және әрбір жолаушының дербес деректерінінің дұрыс көрсетілуіне рәсімдеуші тұлға толық жауапты болады.
Темір жол билеттерін сатып алу тапсырысына ақы төлеу банктің төлем карталарының көмегімен жүзеге асырылады. Банк картасы бойынша төлеу тапсырыс расталғаннан кейін жүргізіледі. Тапсырысқа ақы төлеуі туралы шешім қабылдауға және банк картасының деректерін енгізуге 10 минут беріледі. Белгіленген уақыттан асып кеткен жағдайда, cіздің тапсырысыңыздың күші жойылады.Тапсырысқа ақы төлеу кезінде банктің картасының келесі параметрлері енгізіледі: банк картасының нөмірі және әрекет ету мерзімі, сондай-ақ, үштаңбалы коды (CVV2 немесе CVC2). Интернет жүйесінде сіздің банк картаңыз бойынша ақы төлеу ерекшеліктері туралы түсініктемелер, төлемнен бас тарту себептері жөнінде банктің қызмет көрсету орталығына хабарласуыңыз қажет.
Тапсырысты төлемес бұрын, енгізілген ақпаратты мұқият тексеріңіз! Төленген тапсырыс белгіленген нысандағы темір жол билеттерін алумен рәсімделуі тиіс.
Банк карточкасына ақша есептеу немесе есептен шығару кезінде даулы мәселелер туындаған жағдайда, өзіңіз банк карточкасының ұстаушысы болып табылатын банкке хабарласу қажет.
Төлем рәсімінің қауіпсіздігі (SSL) трафикті шифрлеу құралдарын қолданумен қамтамасыз етіледі.
Тапсырысқа ақы төлеу рәсімі жүргізілгеннен кейін токен қалыптастырылады – тапсырыс деректері бар баспаға әзірленген құжат. Токенді міндетті түрде басып шығарыңыз немесе тапсырыс идентификаторын есте сақтаңыз, ол бойынша билет кассасында, жекшелендірілген агенттіктерде , өзіне қызмет көрсететін транзакционды терминалдарда темір жол билеттері рәсімделеді.Назар аударыңыз! Тапсырыс сәйкестендіргіші (14 цифр) сізге ғана белгілі, токенсіз немесе тапсырыс сәйкестендіргішінсіз темір жол билеті рәсімделмейді.
Егер токен жоғалса немесе сіз тапсырыс сәйкестендіргішін ұмытып қалсаңыз, өзіңіздің пароліңізбен менің тапсырыстарыма кіріңіз және сізге керек тапсырысты тауып алыңызда тапсырыс туралы нақты ақпаратты қараңыз. Қажет болса тапсырыс туралы ақпаратымен токенді қайтадан басып шығарыңыз.
Токен темір жол билеті болып табылмайды және жол жүру құқығын бермейді.
Темір жол билеттерін рәсімдеу (басып шығару) тек қана Қазақстан Республикасының темір жол вокзалдарында, жекешелендірілген агенттіктерде және Астана, Алматы-1, Алматы-2, Караганды и Актобе станцияларының вокзалдарында орналасқан өзіне қызмет атқаратын транзакционды терминалдар арқылы пойыз жүруге дейін немесе жолаушы отырған станциядан ішкі қатынастағы пойыз жүріп кеткен соң 3 сағаттың ішінде жүзеге асырылады. Рәсімдеу (басып шығару) токен негізінде немесе тапсырыс сәйкестендіргіші (14 цифр) бойынша тапсырыста (токенде) көрсетілгендей жолаушылардың біреуіне оның жеке басын куәландыратын құжаты бойынша немесе құжаттарын көрсеткен сенімді тұлғаға жүргізіледі.
Тапсырыста (токенде) көрсетілгендей барлық темір жол билеттері бір уақытта рәсімделуге тиісті, ішінара рәсімдеуге болмайды. Интернет арқылы сатылған темір жол билеттеріндегі жолаушылардың дербес деректері билет кассасынан, жекшелендірілген агенттіктерде берілген кезде өзгертілмейді. Темір жол билеттерін қайта рәсімдеу жүргізілмейді.
«Экспресс-3» жүйесінің технологиялық үзілісі Астана уақыты бойынша 4 сағ. 50 мин. бастап 5сағ. 50мин. дейінге темір жол билеттерін сатуға және алуға қатысты тапсырысты рәсімдеу жүргізілмейді.
Жолаушының жол жүру сапарынан бас тартуы кезінде билет кассасынан міндетті түрде алдын ала шығарылған жол жүру құжаты қайтарылып беріледі. Темір жол билетін қайтару үшін жеке басты куәландыратын құжат (немесе куәлік) болуы тиіс. 2011 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап: Ақшалай төлемдер тiзiмi үшiн билет кассасына шығарылған жол жүру құжатын қайтару қажет. Жол жүру құжатын билет кассирі ала алады, жолаушының қолына орнын қайтарып бергендігін дәлелдейтін қосымша құжат беріледі. Сол себепті, жолаушы, «Жолаушыларды Тасымалдау» АҚ хабарласпай-ақ, 5 жұмыс күн ішінде ақша төлемдерін жол жүру құжаттарына төлемақы өтелген банк карточкасына жолаушыларға аударады.Жол жүру құжатын қайтару кезінде ақшаның қайтарымы туралы мобильді телефонға хабарлама келмейді. Балансты банкомат арқылы тексеру немесе төлем құжатын (билетті) сатып алған күннен бастап банктен (банктік, төлем карточкалық) есеп шотты алу қажет, сонымен қатар, «Менің тапсырыстарым» деген беттен қаржыны қайтару амалдарын көруге болады. Қаржыны қайтару бойынша 600-238 телефонына хабарласыңыз.
Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы №122-І бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының темір жолда жолаушылар, жолжүк және жүк тасымалдары ережесінің (бұдан әрі – ереже) 10 тарауы,94т. сәйкес пайдаланылмаған жол құжаттары (билеттер) үшін жолаушыға қайтарылады:
- жол жүру бағасының толық құны- пойыз жүрерден 24 сағат бұрын; - билеттің бағасы және 50% плацкарттың бағасы- 24 сағаттан кем, пойыз жүруге 6 сағат қалғанда; - билет құны, соның ішінде, плацкарттың бағасы ұстап қалынады- пойыз жүруге 6 қалғанда және пойыз жүріп кеткеннен кейін, яғни 3 сағаттан кейін.
Қолданылмаған темір жол билеттері кезінде жолаушыдан төлемақы (әр орын үшін) алынады. Темір жол билетін рәсімдеу кезіндегі төлемақылар қайтарылмайды. Темір жол билетін қайтару үшін жеке басын куәландыратын құжат (немесе куәлік) болуы тиіс.
Обращение в претензионном порядке от пользователей принимаются по заявлению. Ссылка на скачивание заявления от пользователей: ApplExample.docx
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жолаушы ата-ана, (асырап алушы) қамқоршы, патронат тәрбиешi немесе т.б. болып табылса және сәйкес қажетті құжаттар болса ғана балаларға қамқор болу және қорғау құқықтарына ие болады:
7 жасқа дейінгі бір баланы, егер ол бос орынға орналаспаса, өзімен бірге алып жүре алады.
Бос орынды алу үшін бес проценттік жеңілдікпен жол жүру құжаты арқылы алынады.
7 – ден 15 – жасқа дейінгі балаға толық билет құнынан бес пайыздық жеңілдікпен жол жүру құжаты сатып алынады.
Бiздiң сайттан (epay.railways.kz) тек қана Қазақстан Республикасының аумағынан өтетін 15-қа дейінгі балаға жол жүру құжатын (билетін) алуға болады.
Жолаушы баланың балалар билетімен жол жүруі ересек адамдарсыз жүзеге аспайды.
Баланың жасы жол жүретін күннен бұрын анықталады.
ТМД мемлекеттеріне (Әзербайжан Республикасына, Қазақстанға, Қырғызстанға, Белоруссияға, Украинаға, Тәжікстан Республикасына, Түркменстан Республикасына, Өзбекстан Республикасына, Молдова Республикасына), Латвия Республикасына, Литва Республикасына және Эстония Республикасына жол жүруді рәсімдеместен бұрын мемлекеттік шекарадан өту тәртібін құзырлы атқарушы органдардан, болмаса тиісті елшіліктердегі консулдық бөлімдерден нақтылап алыңыз. Өзiне қызмет көрсететін транзакция терминалдарында (бұдан әрi ӨҚКТТ) билеттер халықаралық және республикалық қатынастардағы барлық пойыздарға рәсiмделсiн. ӨҚКТТ жолаушыға өзіне қызмет көрсету режимінде билеттерді таңдап және сатып алуға, сонымен қатар, интернет арқылы тапсырыс берiлген билеттердi басып шығаруға мүмкiндiк бередi. Өзiне қызмет көрсететін транзакция терминалдары екi режимде жұмыс iстейдi: 1) Банктiк карта бойынша төленетін билеттердiң сатылуы, билеттердің мөрмен белгіленуі және берілуі. Жолаушы шығатын және белгіленетін станцияны, шығу және келу уақытын, вагонның түрiн, отыратын орынды өзі таңдайды және билет құнын банктiк карточка арқылы ақшасыз есептеу жолымен төлейдi. 2) Билеттердiң тапсырыс нөмiрi бойынша (токенге), интернет немесе басқа ӨҚКТТ арқылы бұрын тапсырыс берiлуі және төленуі бойынша берілуі. Билетті алу үшін жолаушы сканирлейтін құрылғыға басып шығарылған, штрих коды бар бланкты жақындатуы немесе 14 – таңбалы электронды билетті (токенді) және құжат номерін енгізуі тиіс.Дүйсенбіден жұмаға дейін 11.00-ден 19.00-ге аралығында жол жүру құжаты жолаушының сұраған жеріне (тұрған жеріне, жұмыс орнына немесе қонақ үйіне), қаланың кез-келген жеріне жеткізіледі.
Жеткізу тапсырыстарын қабылдау 9.00-ден 21.00-ге дейін күн сайын, ал билетті жеткізу – пойыздың жүруіне 6 сағат қалғанда жүзеге асады.
Жеткізуші билетті жолаушы тұрған жерге апарып қол қойғызады, содан кейін, ол квинтанцияда көрсетілгендей тиісінше ақша төлейді.
Жолаушы жеке басын куәландыратын құжат мәліметтерімен жол жүру құжаттарының мәліметтерін тексереді. Мәліметтер сәйкес келмесе барлық жауапкершілікті жолаушы өз мойнына алады.
Астана және Алматы қалалары бойынша темiр жол билеттерiн жеткiзу құны - 350 теңгені құрайды.
Жеткiзудiң қызметтiк телефондары:
БІстелген жұмыс үшін төленетін төлемақы процедурасының қауiпсiздiгi пайдаланушының жеке басының қорғайтын, қазіргі заманғы құрылғыларды қолдану арқылы жүзеге асады: - жолаушының жеке басы туралы ақпарат (жеке басын куәландыратын құжат нөмері,төлемақы жүргізетін карточка нөмері, алынған билеттің бағыты және т.б.) графикті криптографиялық шифрлау принципіне сүйенетін SSL (Secure Sockets Layer) протоколы арқылы сенімді түрде қорғалған; - сайтта регистрация жасау кезінде жүйеге қауіпсіз түрде кіру үшін төрт таңбалы, бір рет ғана қолданылатын сандық код қолданылады; - жүйеге өзінің логині және паролімен кіру пайдаланушының идентификациясы мен ақпараттың жария болмауын қамтамассыз етеді; - пайдаланушы паролді бірнеше қайтара (3-ке дейін) енгізсе автоматты түрде кілттеніп қалады; - белгілі уақытқа дейін пайдаланушы компьютерді пайдаланбаса, сеанс автоматты түрде өздігінен аяқталады.
Интернет арқылы сатып алынған билеттерге байланысты барлық сұрақтарды, [email protected], электрондық адресіне қойыңыз, Интернет-пейджер ICQ #476756466 және келесі телефон нөмірлеріне: 8-717-2-60-66-56; 8-717-2-60-66-60.
epay.railways.kz
Әділ бағалар және ыңғайлы қызмет
Теміржол билеттерін кезексіз және тіпті үйден шықпай-ақ сатып ала аласыз ба? Жеңіл! Tickets.kz сайтынан онлайн-билетті ешқандай жасырын комиссиясыз және ақысыз сатып алуға болады. Сіз бағытты, вагон класын және орынды таңдайсыз. Біздің іздеу жүйесі қол жетімді, ыңғайлы және қолайлы нұсқаларды ұсынады. Сізге тек қана таңдау және брондау керек. Сіз банк картасымен немесе басқа ыңғайлы жолмен төлей аласыз. Саяхатшыларға ыңғайлы болу үшін Android және iOS бағдарламаларында Tickets.kz мобильді қосымшасы бар.
Сатып алудың әрбір кезеңінде тұтынушыларды қолдау
Клиенттерге қызмет көрсету орталығының мамандары теміржол билеттерін іздеу, брондау және төлеу бойынша сұрақтарға жауап беруге дайын. Tickets.kz сайтының операторлары орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде сөйлей алады. Біз билеттерді арзан бағамен қалай табуға, Интернет арқылы сатып алуды қалай төлеуге, билеттерді брондау немесе қайтаруды қалай жүргізу туралы толық ақпаратты береміз.
Теміржол билеттерін қайтару
Егер сіздің жоспарларыңыз өзгерген болса және сапарыңыз жойылса - билетті қайтарудың қажеті жоқ. Tickets.kz-мен уақытыңыз бен ақшаңызды үнемдеңіз - бұл оңай: теміржол билетін онлайн режимде қайтару тек бірнеше минутқа созылады. Жеке кабинетке кіріп, оны жою туралы өтініш жасау жеткілікті. Билеттер жойылғаннан кейін банк картасына ақшаны қайтару процесі жүзеге асырылады.
Тұрақты клиенттерге арналған бонустар жүйесі
Tickets.kz бонустық бағдарламасының арқасында, саяхаттар тек қана жағымды ғана емес, сонымен қатар пайдалы. Tickets.kz әрбір сатып алу үшін сіздің ақшаңыздың бір бөлігін қайтарады. Сіз билетті әр уақытта сатып алған кезде, келесі сатып алуды сақтай аласыз. Әрбір билеттің құнынан 1% сіздің бонустық шотыңызға қайтарылады.
tickets.kz